Сарапшылар: Қазақстанның әлемдегі геосаяси рөлі артуда

Сарапшылар: Қазақстанның әлемдегі геосаяси рөлі артуда

Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде Қазақстанның әлемдік геосаясаттағы рөлі артып келеді. Әзербайжандық дипломат Намик Алиевтің пікірі осындай. Қазір республика барық бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Экономикалық тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аса маңызды.


¤Намик Алиев, Саясаттанушы /Әзербайжан/:


- Қасым-Жомарт Тоқаевтың алты жылдық президенттік кезеңі мемлекетті қаншалықты тиімді әрі нәтижелі басқарудың, сонымен қатар, көршілес және көршілес емес елдермен қалай экономикалық байланыс орнату қажеттігінің үлгісін көрсетті. Бұдан басқа осы мемлекеттер арасында мәдени байланыс нығая түсті. Оның көкжиегі кеңейді.


Осы пікірмен грузиялық саясаткердің де ойы түйіседі. Вахтанг МайсАя Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар Оңтүстік Кавказ елдері үшін үлгі деп есептейді. Саясаткер біздің елдегі президенттік және парламенттік сайлаудың жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтті. Айта кетейік, Вахтанг МайсАя бұл саяси науқандарда халықаралық байқаушы болған. Саясаткер екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуында Президент Тоқаевтың қосқан үлкен үлесін орасан зор деп отыр.


Вахтанг Майсая, Саясаттанушы /Грузия/:

- Грузия мен Қазақстанның қарым-қатынасының деңгейі стратегиялық серіктес деңгейіне дейін жетті. Біз достығы жарасқан көршілес ел болдық. Дегенмен стратегиялық серіктес деңгейіне жетпеген едік. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланғаннан кейін тың жетістіктерге жете бастадық. Стратегиялық серіктестік пайда болды. Бұл әсіресе грузиндік ресми делегацияның Астанаға барған кезінде және Қазақстаның жоғары лауазымды тұлғалары Грузияға келгенде айқын сезіле бастады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?