Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Қарулы күштерді құру туралы Жарлығы жарияланды. 2012 жылы бұл күн мемлекеттік мереке болып жарияланды. Бұл – ел тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді құттықтап, құрмет көрсететін күн. Биыл Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада ауқымды әскери парад өтті.
Бүгінгі таңда әскер құрылымына құрлық, әуе қорғанысы және әскери-теңіз күштері қамтылған. Арнайы дайындалған аэроұтқыр әскерлері де бар. Олардың мақсаты – төтенше жағдайда ерекше құпия операцияларды жүргізу. Қарулы күштер қатарында ер азаматтармен қатар, нәзік жандар да теңдей қызмет атқарып келеді.

