Қазақстан Қытайдың жаһандық бастамаларын қолдайды

Қазақстан Қытайдың жаһандық бастамаларын қолдайды

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қытайдың жаһандық бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму мақсаттарына тезірек жетуге ықпал ететін Жаһандық даму бастамасына еліміз қолдау көрсететінін жеткізді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Тяньцзинде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіндегі Қытайдың кейінгі стратегиялық ұсынысына – Жаһандық басқару бастамасына сай келеді. Аталған бастама тұрлаусыз әлемге оң әсер етіп, көптеген елдің мақсат-мұратын айқын жеткізуіне көмектеседі. Осы ретте негізгі рөлді Біріккен Ұлттар Ұйымы атқаратын болады.  

Мемлекет басшысы аса маңызды әрі дер кезінде ұйымдастырылған жиын үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Бұл бастама егемендік теңдігін қамтамасыз ету, халықаралық құқық үстемдігі, көпжақты институттарды нығайту, сондай-ақ адамдардың игілігі мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлемдік тәртіпті ілгерілету секілді өзекті мәселелердің шешімін ұсынады. Сондай-ақ, Президент Жаһандық басқару бастамасы 150-ден астам ел қосылған «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының міндеттерімен үндес екенін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Жаһандық басқару бастамасы, ең алдымен, цифрлық технологияға, қауіпсіз киберкеңістікке және ғарыш кеңістігіне әділ қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл нормативтік-құқықтық база мен жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық стандарттарын әзірлеу тұрғысынан өте өзекті. Осы орайда Қазақстан Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құру жөніндегі ұсынысын қолдайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?