Астана мектептерінің бірінде жас
шекарашыларды дайындайтын болады. Ол үшін оқу орнында арнайы мамандандырылған
«Жас шекарашы» сыныбы ашылды. Мұнда оқушыларды жарғының негіздерімен
таныстырады, әскери форманы дұрыс киюді, саптық даярлықты және шекара
қызметінің жұмысына байланысты басқа да тәртіптерді үйретеді. Сондай-ақ,
оқушылар үшін арнайы экскурсиялар мен далалық-оқу сабақтары ұйымдастырылады.
Топқа 7-сыныптан бастап қабылданады. Оқушыларға әскери ардагерлер сабақ береді.
Айта кетейік, мектепте болашақ полицейлер мен әскерилерге арналған арнайы
топтар жұмыс істейді.
Ольга Доценко, «Застава тарландары» республикалық шекарашы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
- Бұл балалар жас күнінен біздің
шекаралық қызмет жұмысымен танысады, отансүйгіштік, отанымызды қорғау рухында
тәрбиеленетін болады. Өйткені біздің отанымыз шекарадан басталады. Мен өзім
шекаралық ауданда туып-өскенмін. «Шекарашының жас досы» клубының мүшесі болдым.
Бізде қамқорлыққа алынған застава болды, сонда баратынбыз.
Ермек Әбдірахманов, «Жас
шекарашы» сыныбының кураторы:
- Басты бағытымыз болашақ
шекарашыларды дайындау. 11-сыныптан соң Алматыдағы Ұлттық Қауіпсіздік
комитетінің шекара Академиясына оқуға түсіп болашақ офицер атанады.

