Алматыда Creative Central Asia халықаралық шарасында сарапшылар креативті индустриялар мен импакт-инвестицияларды дамыту мәселелерін талқылады. Жиынға Ұлыбританияның өңірлік және аналитика мамандары қатысты. Олардың айтуынша, импакт-инвестициялар – бұл бірінші кезекте әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған ұзақ мерзімді салымдар. Ол кино, музыка, өнер және дизайнерлік жобаларды дамытуға көмектеседі. Айтпақшы, Deloitte деректеріне сәйкес 2023 жылы әлемдегі импакт-инвестициялар көлемі 1 млрд доллардан астам бағаланды. Креативті индустрияда 36 ірі қор жұмыс істейді.
Настя Гончарова, Креативті кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының тәлімгері:
- Компания инвестициялар алғаннан кейін бұл қаражаттарды өз
тұрақтылығын арттыру үшін жұмсайды. Бірақ ол әлеуметтік миссиясын орындауы
керек. Мысалы, олар осал топтармен жұмыс істейді. Қолымызда дәлелді база болған
жағдайда, біз инвесторға, нарыққа және өз тұтынушыларымызға бұл тек тауар мен
ақша арасындағы транзакция емес екенін көрсетіп, есеп бере аламыз.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда импакт-инвестициялар
енді ғана дамып келеді. Осыған қарамастан, биыл креативті индустрияның
республика экономикасына қосқан үлесі 5%-ке жетеді, Салада жұмыспен қамтудың
ұлғаюы 4%, ал креативті индустриялардағы шағын және орта бизнестің саны 1,5
есеге артады деп күтілуде.
Сәуле Мамаева, Әлеуметтік жобаларды және
коммерциялық емес ұйымдарды басқару, стратегиялық жоспарлау және дамыту
саласының маманы:
- Импакт-кәсіпкерлер мен шығармашылық индустриялардың болуы әрқашан халықтың сұранысына жауап береді. Халық осындай күрделірек мәдени өнімдерді тұтынуға дайын. Халық экологиялық мәселелерге, мәдениетке, мысалы, Алматы қаласы контекстінде қатысуға дайын, себебі бұл қала – мәдениет, қызмет көрсету саласы, жалпы шығармашылық тұрғыдан өте дамыған қала. Менің ойымша, шығармашылық индустриялардан шыққан кәсіпкерлердің ландшафты, қала өзі өндіргеннің 40-30%-ін құрайды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

