Қазақстанда әлемдік сарапшылардың қатысуымен климаттық сессия өтеді

Қазақстанда әлемдік сарапшылардың қатысуымен климаттық сессия өтеді

29-мамырда басталатын «Астана» халықаралық форумы аясында Климаттық сессия өтеді. Оған әлемнің жетекші сарапшылары, сондай-ақ бірқатар елдің үкімет, бизнес-қоғамдастық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми топтардың өкілдері қатысады. Басты мақсат – бүгінгі климат жағдайына қатысты мәселелерді талқылау және орнықты болашақ үшін пәрменді шешімдер әзірлеу. Сондай-ақ, жиында республиканың экологиялық бастамаларын ұсынылады. Қазақстан Экология министрлігінің ақпараты бойынша, «жасыл» энергетиканы дамыту, оны қаржыландыру және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда елдегі барлық энергияның 6 процентін жаңартылатын көздер өндіреді. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 процентке арттыру жоспарланып отыр.

Нұрман Таңатов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма жетекшісі:

- Көптеген елдер көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын, оның ішінде Қазақстанды да бекітті. Қазақстан 2060 жылға дейін бұл межеге жетуді көздеп отыр. Дамушы елдерге қазба отындар мен көмірсутектерден бас тарту қиынға соғады. Сондықтан қазір жасыл экономиканы дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл форум жалпы келісімге келуге, сондай-ақ жасыл экономиканы қаржыландыруға және ортақ бастамаларды ұсынуға көмектеседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?