Қазақстанда балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Қазақстанда балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Қазақстанда Үкіметтің резервінен балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5 миллиард 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Олардың ішінде көкжөтел, дифтерия, вирусты гепатиттер, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізіледі. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне аударылады. Барлығы шамамен 748 мың доза вакцина мен 540 мыңнан астам шприц сатып алынады. Айта кетейік, екпе жұмыстары ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде белгілі бір себептермен уақытында вакцина салынбай қалған балаларға бағытталған. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы 2 айда сырқаттанушылық деңгейі 32%-ке төмендеді.