Қазақстанның
жаңа Ата заңында азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге
бағытталған норма бекітілді. Яғни, жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және
отбасылық құпия, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және
пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. Осы норманы жүзеге асыру
мақсатында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жоспарлануда, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Қылмыстық
кодекс, дербес деректер және киберқауіпсіздік туралы заңдар бар Бұл жұмысты 2
негізгі бағыт бойынша жүргізу жоспалрланып отыр. Алдымен дербес деректерді
қорғаудың заманауи құралдарын, оның ішінде деректерді бүркемелеу және хэштеу
тәсілдерін енгізу көзделген. Екіншіден, компаниялар мен дербес деректер
операторларының жауапкершілігі күшейтіледі. Олар уәкілетті органдар мен
азаматтарды деректердің тарап кету және оларды өңдеудің басталғаны туралы
хабардар етуге міндетті болады.
Жаслан Мәдиев,
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрі:
– Мемлекеттік
органдарда, жеке секторда өңдейтін дербес деректерді ретке келтіру және есепке
алу үшін дербес деректер операторларының реестрі және сенімді шетелдік алушылар
реестрі құрылатын болады. Кибермәдениет деңгейін одан әрі арттыруға ерекше
назар аударылады. Бұдан бөлек, дербес деректердің жаппай таралғаны үшін
қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұлдың шегін 5 мың АЕК-ке
дейін арттыру қарастырылуда.

