Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысып, дауыс берді. Одан кейін Президент депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Ол алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті. Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ата заңға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте Ассамблеяның квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутат саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.