Аудиторлық тексерістердің нәтижесінде мемлекет пайдасына 112 млрд теңге өндірілді. Бұл жөнінде Қазақстан Президентіне еліміздің Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мәлімдеді. Әлихан Смайылов биыл 9 айда жалпы құны 32 трлн теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізілгенінайтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына аудиторлық жұмыстың барлық кезеңдерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілгенін жеткізді. Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Ол отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, сондай-ақ Қазақтелеком мен Қазпошта және тағы басқа мекемелерді қамтиды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

