Қазақстанда Almaty Superski тау шаңғысы туризмін дамыту жобасы бекітілді

Қазақстанда Almaty Superski тау шаңғысы туризмін дамыту жобасы бекітілді

Алматы қысқы туризмнің орталығына айналады. Осының қамында еліміз Pas Grau International компаниясымен бірлескен кешенді жоспар әзірледі. Премьер-министрдің қатысуымен Kazakh Tourism директорлар кеңесінде Almaty Superski жобасын іске асыру барысы қаралды. Оған әлем бойынша 120 астам курорттардың үздік тәжірибелері кіреді. Ол тау шаңғысы жабдықтарын өндіруде заманауи технологияларды пайдалануды, климаттық және рельефтік жағдайларды талдау үшін спутниктік деректерді қолдануды және «жасыл» стандарттарды енгізуді көздейді. Жоан Виладомат құрылыс үшін таңдалған учаскенің мегаполис маңында орналасқаны үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Олжас Бектенов нысанды салу кезінде қоршаған ортаға барынша аз әсер ету үшін экологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, бекітілген бұл кешенді жоспар техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға негіз болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?