Роман Василенко, ҚР Бельгия мен Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Еуроодақ пен НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы:
- Қазақстан Үкіметі өте нақты саясат жүргізуде: біздің еліміз аса маңызды ресурстарды қолжетімді етіп, инвестициялар мен технологияларды тартуға мүдделі. Бүгінде Қазақстан Еуропалық одақ аса маңызды деп таныған 34 шикізаттың 21 түрін өндіреді. Осы әлеуеттің арқасында Қарағанды облысындағы Сарытоған кен орны Еуроодақтың стратегиялық жобаларының қатарына енді. Еуропалық комиссия төрағасы жоба толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын электр көліктеріне арналған 100 мың аккумулятор өндіруге қажетті графитпен қамтамасыз ете алатынын атап өтті. Бұл табысты мысал және біз осындай жобалар көбейетініне сенімдіміз.

