Қазақстан мен Корея серіктестік аясын кеңейтеді

Қазақстан мен Корея серіктестік аясын кеңейтеді

Корея Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысымен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы Кан Хун Шиктің елімізге жасаған сапарының маңыздылығына тоқталып, екіжақты қарымқатынастың даму қарқынын жоғары бағалады. Сонымен қатар Президент Астана екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе, соның ішінде энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастық аясын кеңейту әлеуеті талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елімізге жасаған ресми сапарыңыз қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту үшін өте маңызды.  Сондықтан жалпы бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-корей ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдіміз.

Кан Хун Шик қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумның табысты өтуіне орай Корея Президентінің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ ол Ли Чжэ Мёңнің Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулге сапармен келуге және биыл қыркүйек айында «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты. Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ықыласпен қабыл алды. Ол жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздер екі ел және Орталық Азияның  ықпалдастығын арттыруға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?