Қазақстанда алғашқы ең ұзын көлік қатынайтын жер асты жолы пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңгеден асады. 840 метрлік туннель Шымкент пен Тараз қаласының арасын жалғайды. Өткелдің биіктігі 9 метр. Сәйкесінше, жүк көліктері де еш кедергісіз өте алады. Мамандар сөзінше, мұнда енді тәулігіне орта есеппен 20 мың темір тұлпар қос бағытта қатынай алады. Туннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті мен жанармай құю бекеті бар. Тіпті тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.
Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
- Әр учаскеде қарайтын бейнекамералар бар. Ішінде өзінің вентиляция бар. Өрт сынды төтенше жағдайлар болып жатса, қауіпсіздік жағынан өте бір заманауи туннель болып тұр. Өзімізде, жүргізушілер де қатты қуанып жатырмыз.
Жаңа өткел «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің маңызды
бөлігі саналады. Яғни, Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға серпін
береді дейді, мамандар.