Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Тараптар бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру мен басқа да басым салалардағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болған Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Серджио Гор АҚШ Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін айрықша бағалайтынын жеткізді. АҚШ аймақ елдерімен қарым-қатынас қарқынын арттыра түсуге ниетті.  Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?