Орталық Азия елдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. Бұл ретте азаматтық қоғамды әлеуметтік зұлымдықтың алдын алу және оған қарсы күреске тарту, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және саланы цифрландыру сынды бағыттарға басымдық берілмек. Халықаралық конференцияда сарапшылар мен салалық ведомстволардың өкілдері пікір алмасты. БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өңірлік өкілінің айтуынша, Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылда көп жылдық тәжірибесі бар. Оливер Штольпе БҰҰ-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын жеделдетіп жүзеге асыру үшін, өңірлік платформа бірлескен жұмысты күшейтудің маңызды құралына айналатынын атап өтті. Ол осы бағытта екінші жыл қатарынан тиімді алаң қызметін атқарып келеді. Онда елдер тек ақпарат, білім алмасып қана қоймай, сонымен қатар өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтарын да үйлестіре алады.
Оливер Штольпе, БҰҰ ЕҚБ-ның
Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан бойынша өңірлік өкілі:
- Біз БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының ережелерін толық іске асыруда елдерге қолдау көрсетеміз. Яғни бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық жоспарларды әзірлеу, оны БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының ережелеріне толық сәйкес келтіру үшін қолданыстағы заңнаманы қайта қарау сияқты түрлі саяси бастамаларға қолдау көрсететінімізді білдіреді. Сондай-ақ тәжірибелі мамандар, тергеушілер, алдын алу шараларымен айналысатын мамандар үшін тренингтер өткіземіз және әріптестерімізбен бірге активтерді қайтару мәселесі бойынша жұмыс істейміз.
Жеңіс Ермұқанов