Қазақстанда AI технологиясын пайдалану үшін бірыңғай ереже құру ұсынылуда

Қазақстанда AI технологиясын пайдалану үшін бірыңғай ереже құру ұсынылуда

Жасанды интеллект бақылауға алынды. Қазақстанда AI технологияларын пайдаланудың бірыңғай ережелерін енгізу ұсынылуда. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдады. Онда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың нейро жүйелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай-ақ осы нарыққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Сонымен қатар, заң жобасындағы түзетулер жасанды интеллект өңдейтін дербес деректерді қорғауға бағытталған. Бұдан басқа, депутаттар нейрондық желілер авторлығының медиа контентінің таралуын бақылау үшін заңнамалық шаралар белгілеуді, сондай-ақ осындай жүйелердің иелеріне әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?