Астанада Қазақстанның XI Азаматтық форумы өтті. Ауқымды жиын алаңында 600-ден астам қатысушының басын қосты. Олардың қатарында азаматтық және үкіметтік емес ұйым белсенділері, түрлі қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мемлекеттік органдар, бизнес, өңірлік және ұлттық даму институттарының өкілдері бар. Қатысушылар екі күн бойы өзекті сұрақтарды қарады. Атап айтсақ сапалым-қатынастың білім, гендерлік теңдік, өзін-өзі басқару мен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және адам құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар басты міндет - мемлекеттің азаматтық сектордың толыққанды және өзара тиімді серіктесі ретінде рөлі мен міндеттерін айқындау екенін атап өтті.
Бану Нұрғазиева, Қазақстанның
азаматтық альянсының президенті:
-Тек бірлігіміз жарасса ғана біз нағыз, бақытты әділ мемлекет құра аламыз. Бұл
адам, әр азаматтың қалауы. Әл-ауқатымызда осы достық қарым-қатынасқа тікелей
байланысты. Сондықтан ауызбіршілкті сақтау керек. Білімнің сапасын мен өмір сүру
деңгейін арттыру сынды әлеуметтік мәселелер бәріміз үшін маңызды.
Жанна Жибраева, Абай облысының «Отбасы
орталығы» қоғамдық қорының президенті:
-Министрлер, вице-министрлер
деңгейінде азаматтық сектормен кездесулер
ұдайы өтіп тұрады. Онда біздің атқаратын жұмысымызбен жіті танысып, өзекті
мәселелер қаралады, қалауымыз бен пікіріміз тыңдалады. Бұл өте дұрыс. Бұл
демократиялық жолдағы қалыпты үрдіс.
Айта кетейік, белсенділер мен еріктілердің барлық ұсыныстары Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған бірыңғай Жалпыұлттық жоспарға енгізілетін болады.