Қасым-Жомарт Тоқаев Изуми Накамицуды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Изуми Накамицуды қабылдады

Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның БҰҰ институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілінің кездесуінде талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйым қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешуде айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Ертең Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні атап өтіледі. Бұл – бүкіл адамзат баласына ядролық сынақтар жүргізудің әрі ядролық қаруды қолданудың қауіпті екенін еске салатын маңызды дата. Президент сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы  баламасы жоқ, әмбебап халықаралық құрылым екеніне тоқталды. Өз кезегінде Изуми Накамицу Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.