Астанаға Иран Президенті ресми сапармен келді. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. Иран Президенті Қазақстанның Мемлекеттік Туына құрмет ишарасын білдірді. Кейін қос тарап шағын құрамдағы кездесу өткізді. Айта кетелік, Иран президентінің ресми сапары аясында – жоғары деңгейдегі келіссөз өткізу жоспарланған. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқыламақ. #Масуд Пезешкиан # Қасым-Жомарт Тоқаев #Иран #келісім Веб-редактор: Нұрбек Балгүл Қайрошқызы 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қазақстан Президентін референдумның табысты өтуімен құттықтады Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті Қазақстан өңірлік инвестициялық хаб мәртебесін нығайтуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында өзара визасыз режим енгізіледі Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті