Бұл меже елдің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бекіткен бес жылдық даму жоспарында көзделген.
Айта кетейік, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда еселене түспек. Құжатқа сай 2023-2024 жылдары аталмыш отандық өнімнің сырт елдерге тасымалының ең жоғарғы өсімі болжанған. Бұдан кейін Қазақстаннан бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерінің импорты тұрақталып, жылына шамамен 210-240 млрд теңгенің көлемінде қалмақ. Сұраныстың артуынан биылдың өзінде елде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мамандар саны екі жарым есеге ұлғаяды деп күтілуде.