Қазақстан Вьетнамға тауарлар мен қызметтер экспортын ұлғайтады. 600 млн доллардан асатын 100 тауар позициясын жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда екі ел арасында бірлескен тауар айналым белсенді түрде артып келеді. Сондай-ақ туризм мен көлік инфрақұрылым дамуда. Қазақстан мен Вьетнам алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенінде, металлургияда, сирек кездесетін металдар саласында, тоқыма өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық және технологиялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында екі ел арасындағы алыс-беріс шамамен 687 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге көп.