Қазақстандық ет экспорты артты

Қазақстандық ет экспорты артты

Қазақстанда ет бағытында австралиялық тәжірибе негізінде 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар елімізге жылына 50 мың тоннаға дейін  ет экспортауға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында сала министрі Айдарбек Сапаров осындай мәлімет айтты. Оның дерегінше, былтыр сыртқа сатылған сиыр етінің көлемі бір жарым есеге жуық артып, 22 мың тоннадан асқан. Ал қой етінің экспорты 2 еседен астам өсіп, шамамен 18 мың тоннаны құраған. Бұған елдегі жалпы мал басының тұрақты өсімі сеп болған. Тек биылдың 5 айында ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрінің өсімі төрттен бірге ұлғайған. Жыл басынан бері мал өнімдерін өңдеу жағыда қарқын алған. Жекелеген бағыттар бойынша 11 ден 50% дейін өсім тіркелген. Тері мен жүнге салынатын экспорттық кедендік баж салығы алынып тасталды. Қазір Ақтөбе өңірінде жүннен жылу оқшаулағыш материал шығару, ал Алматыда теріден желатин өндіру жобалары жүзеге асырылуда.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінде Еуропа елдерінің тізілімінде 62 қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Сондай-ақ, аквакультура, жылқы еті және сүт өнімдерін экспорттауға жол ашу бағытында жұмыс жүргізілуде. Қытайда өнім экспорты кәсіпорындары реестірінде 2649 қазақстандық кәсіпорын тіркелген. 2025-ші жылы Қытаймен құс етіне қатысты ветеринариялық талаптарды белгілейтін хаттамаға қол қойылды. Енді олар бізге келіп инспекция жасайды. Содан кейін ол жаққа құс етін экспорттауға болады. Сондай-ақ, Грузиямен және Иранмен ветеринариялық сертификаттар келісілді. Түркия, Ауғанстан және Пәкістанмен нарықтарды кеңейту бойынша келіссөздер жалғасуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?