Қазақстанның қорғаныс саласындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі екі еседен астамға өсті. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларына 40 миллиард теңгеге жуық қаржы салынған. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңдегіден 2,2 есеге артық. 2021-дің бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш шамамен 18 млрд теңгені құраған. Өңірлік тұрғыда аталған секторға инвестицияның ең көп көлемі 14 млрд теңге Түркістан облысына тиесілі, одан кейін елорда мен Алматы келеді. Айта кетерлігі, қаржының жартысынан астамы, яғни 20,5 миллиард теңге республикалық қазына есебінен берілген.