Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын

Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын

Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын. Бұны ел Премьер-министрі Олжас Бектенов Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесуінде жеткізді. Тараптар Еуропалық Одаққа отандық өнімдер тасымалын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру әлеуетін талқыланды. Жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналмақ. Әңгімелесу барысында жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы атап өтілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?