ҚР Премьер-министрі: ЖИ енгізу - энергетика өсімінің кілті

ҚР Премьер-министрі: ЖИ енгізу - энергетика өсімінің кілті

Жасанды интеллект Қазақстанның энергетика саласында тиімділіктің негізгі құралына айналады. Елімізде AI-шешімдер геологиялық барлау, өндіру мен тасымалдау және қайта өңдеу үрдістерін оңтайландыру үшін қолданылады. Ел Премьер-министрі KAZENERGY Еуразиялық форумында цифрландыру Қазақстанның өңірдегі басты басымдығы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, деректерді талдауда жасанды интеллектіні кәдеге жарату өндіру қарқынын жақсартуға және тек қолданыстағы кен орындарында ғана емес, сонымен қатар шағын және орта кеніштердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы еліміз халықаралық ұйымдармен және бизнеспен ынтымақтастыққа ашық әрі сенімді серіктес болып қала беретінін атап өтті. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының форумға қатысушыларға арналған Үндеуін оқып берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға баса мән береді. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміз жауапкершілігі жоғары орта держава ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, МАГАТЭ және ОПЕК сияқты беделді халықаралық ұйымдармен байланысын бекемдей түсуге және жарқын болашақ үшін бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Форум аясында энергетика саласын өркендетуге жол ашатын тың идеялар мен жасампаз бастамалар ұсынылады деп сенемін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?