Үкімет басшысы металлургтерге Президент атынан наградалар табыс етті

Үкімет басшысы металлургтерге Президент атынан наградалар табыс етті

Тау-кен металлургия кешенінің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі өткен жылы шамамен 7 пайызды құрады. Қазір салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Премьер-министр Жезқазғанда Металлург күніне орай сала еңбеккерлеріне Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Олжас Бектенов саланы дамыту Үкімет басымдықтарының бірі болып қала беретіндігін айтты. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасады. Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысы алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады. Биыл елдің түкпір-түкпірінде тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ден астам жұмысшысының еңбегі атап өтілді.

Гүлбану Жұмаділдинова «Қазақмыс» корпорациясы филиалының флотаторы:

- Бүгін мен үшін ерекше күн. Осындай марапат алу мен үшін өте маңызды. Марапат менің ғана емес, барынша әріптестерімнің ортақ жемісі деп қабылдаймын. Еңбек еленіп, жоғарғы награда алғаным үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?