Қазақстанда ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы -30-ға дейін, кей жерлерде -40 градусқа дейін төмендейді. Мамандар бұған Арктикалық антициклон әсер етіп отыр дейді. Алдағы күндері ол республиканың оңтүстік облыстарына ауысады. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында қалың қар жауады. Қазір Қазақстанның бірден 10 аймағында дауылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін  жетуі мүмкін. Елімізде қазірдің өзінде 120-дан астам жол учаскесі жабылды. Әсіресе дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автобустар мен жеңіл көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, бұл шара жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін мәжбүрлі түрде жасалып отыр. ҚазАвтожол көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға және ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?