Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстан халықтық партиясының депутаттары осындай ұсыныс жасады. Вице-премьерге жолдаған сауалында Гаухар Танашева әлеуметтік көмекті алу процесінің күрделігіне назар аударды. Депутаттардың есебі бойынша, көпбалалы отбасылар алатын жәрдемақы мөлшері мардымсыз және инфляцияның өсімі, баспананың жоқтығы сынды маңызды жайттар ескерілмеген.
Гаухар Танашева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Атаулы әлеуметтік көмекке үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Қазақстан халықтық партиясы АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім деп санайды. Оның орнына балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Біз әр балаға нақты көлемге жұмсауға ыңғайлы ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз.