Үстіміздегі жыл
соңына дейін Мәжілістің қарауына жаңа құрылыс кодексінің жобасын енгізу
жоспарлануда. Онда салаға қатысты 4 негізгі Заң қамтылмақ. Сондай-ақ, бірқатар
нормативтік-құқықтық актіге түзетулер енгізу көзделген. Бүгін елордада өткен құрылыс
форумының аясында саланың өзекті мәселелері талқыланды. Сарапшылардың
пікірінше, кодексті және құрылыстың бар үрдісін онлайн режимде қашықтан
бақылауға мүмкіндік беретін e-Qurylys ақпараттық жүйесін ендіру елдегі сәулет
және қала құрылысы саласындағы күрмеулі мәселелердің түйінін тарқатуға септігін
тигізеді. Бұл ретте FIDIC келісімшарттары да салаға тың жаңалықтар енгізбек.
Бұл тәжірибе әлемде кең тараған. Қазақстанда әзірге Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ және
АДБ сияқты халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларда қолданылады.
Кирилл Лоновенко,
FIDIC келісімшарт менеджері:
– FIDIC - бұл құрылыс саласындағы халықаралық
стандарттардың бірі. Яғни, егер нақты жобалау туралы айтатын болсақ ол жалпы
автомагистральдар, жол, медициналық орталықтар мен қонақ үйлер кешендері сынды
түрлі нысандарды салуға арналған нормативтік базаны қамтиды. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі жобалар FIDIC құрылыс клісімшартына көшуі керек деп
айтқан болатын. Оны жүзеге асыру үшін
бастапқы кезеңде білікті шетелдік мамандарды тарту қажет.