Қазақстанда 8,4 гигаватт «жасыл» генерация нысандары іске қосылады

Қазақстанда 8,4 гигаватт «жасыл» генерация нысандары іске қосылады

2035 жылға қарай елдегі баламалы энергия көздерінің қуаты айтарлықтай артады. Үкімет жоспарына сәйкес, аймақтарда жалпы көлемі 8,4 Гигаватт болатын жасыл генерация нысандары іске қосылмақ. Энергетика министрлігінің мәліметінше, экологиялық таза жобалардың басым бөлігі жел және күн электр станцияларын салуға бағытталған. Сонымен қатар, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін сутегі энергетикасын дамытудың арнайы стратегиясы әзірленген. Айта кетейік, былтыр жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 7% дейін өскен.

Тимур Әбдірешов, ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы:

-  Биыл біз 10 жобаны іске қосамыз. Оның ішінде 4 жел станциясы бар, 5 күн станциясы және 1 су станциясы іске қосылады. Олардың жалпы қуаты 245 Мегаватт болады: Оған қоса әлемдік компаниялармен жұмыс істелінуде. Елімізде ірі деген 1 Гигаваттық жел станциясының құрылысын бастады. Олар Жамбыл облысында, Павлодар облысында орналасатын болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?