Елімізде
құрылымдық реформаларды іске асыру, инфрақұрылымды жаңғырту және озық
тәжірибелерді енгізу. Қазақстан осы бағыттардың дамуына серпін беру үшін
халықаралық қаржы институттарымен бірге бірқатар жобаны қолға алмақ. Ел Премьер-министрі Олжас
Бектенов осы санаттағы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінде
бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Мәселен биыл Ақтөбе
қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу жоспарланған. Жоба Еуропалық қайта
құру және даму банкінің қолдауымен іске аспақ. Сонымен қатар жиында Халықаралық
қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан адами
капиталды, кәсіпкерлікті және жасанды интеллект саласындағы нарықтарды дамытуға
бағытталған институционалдық жоба қаралды. Экономиканың негізгі секторларында
инновацияларды коммерцияландыруды жеделдету және қолдау тетіктерін жетілдіру
жөніндегі тәсілдер назардан тыс қалмады.

