Қазақстан теңіз арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ниетті. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, келесі жылдың бірінші жартысында отандық Құрық және әзірбайжандық Алят бағыты бойынша екі паромды іске қосу жоспарланған. Ал 2027 жылға қарай олардың санын алтыға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ақтау порты бұл дәліздің негізгі буыны. Оны дамытуға Еуроодақ грант бөлді. 10 млн еуро екі айлақты кеңейтуге, сондай-ақ жүктерді тиеуге арналған заманауи крандар сатып алуға жұмсалады. Бұндай жаңғырту теңіз айлағының өткізу қабілетін арттырып, бір мезгілде төрт толық көлемді кемеге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

