Қазақстанда 75 жаңа мамандық бекітілді

Қазақстанда 75 жаңа мамандық бекітілді

Қазақстанда өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс саласында 75 жаңа мамандық пайда болды. Олардың тізімі еліміздің бейінді министрлігі әзірлеген жаңа кәсіптер атласы аясында бекітілді. Тізімде роботталған тау-кен техникасының операторы, сандық жобалаушы, Big Data талдаушысы, «Ақылды үй» жүйесінің дизайнері және жоғары технологиялық өндіріске бағытталған басқа да мамандықтар бар. Сондай-ақ, 190 инвестициялық жобаны іске асыру аясында өңдеу өнеркәсібі саласында қосымша 8 жаңа мамандық пайда болады деп күтілуде. Жалпы, ведомствоның мәліметінше, жетекшілік ететін салалардағы кадрлардың жыл сайынғы қажеттілігі 40 мыңнан асады. Бұл ретте 40-тан астам үйреншікті мамандық жаңа талапқа сай бейімделді: жұмыс барысы автоматтандырылады, енді сандық дағдыларды игерген жұмысшылар сұранысқа ие болмақ. Сондай-ақ, дуальді жүйе бойынша мамандар даярлау жүргізілуде.

Иран Шархан, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Өнеркәсіптік салалар үшін дуальді оқыту 280-нен астам колледжде жүзеге асырылуда. Және оған 700-ге жуық кәсіпорындар тартылған. Кәсіпорындармен жасалған келісімдер мен меморандумдар аясында 30-дан астам білім беру бағдарламалар іске асырылуда. Нәтижесінде жыл сайын 13 мыңға жуық жас маман жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?