Астанада «NU GLOBAL: Алуан түрліліктегі бірлік»
халықаралық форумы өтті. Бұл мәдени алмасу жөніндегі жазғы бастаманың қорытынды
кезеңі. Бағдарлама аясында әлемнің 35 елінен келген студенттер, түлектер мен
оқытушылар әлеуметтік жобаларға берілетін гранттар байқауына қатысып,
Қазақстанның төрт бірдей өңірін аралады. Басты мақсат - мәдени және тілдік
айырмашылықтарға қарамастан, достық және кәсіби байланыс орнату. Ұйымдастырушы
- Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қоры. Ол студенттік жобаларға
қолдау көрсетіп келеді. Қордың көмегіне 70-тен астам әлеуметтік бастама мен
100-ден астам студенттік клуб ие болды.
Саят Нүсіпов, NU Impact Foundation басқарма төрағасы:
- Біз таланттарды басты
назарға аламыз. Сондықтан, біздің университетте кез келген дарын иесі өз
қолданысын тауып, оны ашқанын қалаймыз. Осыған байланысты университет алдында
білім беруді интернационалдандыру бойынша үлкен міндеттер тұр. Осылайша, біз
қазақстандық университет тек қана сөз жүзінде емес, іс жүзінде де жаһандық
деңгейге көтерілетінін кеңге танытамыз. Ол біздің студенттер арқылы бүкіл
әлеммен достық, білімді үндестіріп, өзара байланыс аясын кеңейте түсеті.
Әлішер Бекмұстафаев, форумға қатысушы:
- Қазір бұл толық жұмыс істейтін экожүйе, ол студенттердің
тың бастамаларын қолдайды және шетелдік студенттерге көмектеседі, сонымен қатар
қаржылық мүмкіндігі шектеулі студенттерге оқуға қатысты барлық мүмкіндіктерді барынша
қолдануға септеседі. Сондай-ақ, NU Impact Foundation жаңа бастамалар мен іргелі
зерттеулер үшін инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

