Қазақстанда 38,6 трлн теңгенің 64 инвестициялық жобасы іске асырылуда

Қазақстанда 38,6 трлн теңгенің 64 инвестициялық жобасы іске асырылуда

«Самұрық-Қазына» жалпы құны 38 трлн теңгеден асатын 64 жобаны жүзеге асырады. Олардың дені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бұл қатарда елдің оңтүстігі мен солтүстігінде екі ірі жел электр станциясын салу бастамалары бар. Бұл туралы Астанада Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Қордың Директорлар кеңесінің отырысында белгілі болды. Бас қосуда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Атырау облысында көмірсутек шикізатын терең өңдеу саласындағы ірі өндірістерді инфроқұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұдан басқа, кездесуде бірінші тоқсанда Қазақстан мен Әзербайжан порттарында су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Премьер-Министр оларды жүзеге асыру мерзімдеріне бақылауды күшейтуді және жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?