Қазақстанда Microsoft-тың мультиаймақтық хабы ашылады. Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтуға септігін тигізеді.
Ерсұлтан Ерманов, ҚР цдиаөм ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры:
- Microsoft бізді барлық салаларда тұрақты, болашағы зор серіктес ретінде қарастырады. Бұл жалпы облыс ретінде өңірлік көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Біріншіден, бас кеңсемен байланыс бір ізге қойылады. Олар белгілі бір мәселелерді тез арада шешіп, қажетті технологияларды жеткізеді. Бірқатар өңірлердегі барлық мәселелер де осы жерден жүргізіледі. Оған біздің кеңсе жауапты болады.