Құрамдар «Цзюцзян – Қорғас – Алтынкөл» бағыты бойынша жүреді. Аспанасты елінен бүгінде алғашқы пойыз келіп үлгерді. Ол Қазақстанға шамамен 15 млн доллар соманың 1200 тонна жүгі, оның ішінде мата, киім, жиһаз және басқа да өнімдер жеткізілді. Бұл тауар бізден Орталық Азияның басқа елдеріне жөнелтіледі.
Ху Бинь, транспорттық компанияның менеджері:
- Бұған дейін тауарлар Еуропаға теңіз арқылы, Орталық Азияға теміржол және автомобиль көлігімен жеткізілетін. Қазір тасымалға жөнелтілген сәттен бастап жүк түсірілгенге дейін 10 күн жұмсалады. Жаңа теміржол бағыты уақыт пен қаражатты едәуір қысқартты.
Авторы: Ақзер Сегізбай