Қазақстанның агроөнеркәсіптік
кешеніне салынған инвестициялар биыл 118% артты. Осы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша
салаға 213 млрд теңге тартылған. Қаражат ауыл және балық шаруашылығына және
азық-түлік өндірісіне бағытталды. Елімізде алдағы 3 жылда инвестициялық
жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Оның аясында құны 3 трлн
теңгеден асатын 677 ірі бастама қолға алынады. Оның ішінде Жамбыл өлкесіндегі
құс фабрикасы, Түркістан облысындағы жүгеріні терең өңдеу, Шығыс Қазақстан өңірінде
май өндірісі және Ақтөбе аймағында жүн өңдеу зауыттарын іске қосу көзделген. Сондай-ақ,
Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен бірқатар келісім
жасалды.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Оның ішінде ағымдағы жылы 282 жоба немесе 611 млрд теңгеге көлемінде
инвестиция тарту жоспарланып отыр. Министірлік тарапынан инвестициялық
жобаларлды іске асыру бағытында «СҚО тәжірибесін тарату» бағдарламасы аясында
қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылы жалпы сомасы 100 млрд
теңгеге 69 тауарлы сүт фермасы қаржыландырылып, іске қосылған болатын. Сонымен
қатар, ағымдағы жылы бюджеттік жоспардың ішінде 200 млрд теңге қарастыру мақсатында
154 жобаны қаржыландыру жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталған жобалар бойынша
іріктеу, құжаттама әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр.

