Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы
директоры Питер Фостерді қабылдады. Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері
талқыланды. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе
қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын
әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды. Мемлекет басшысы отандық
авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

