Қазақстанда 2029 жылға дейін энергетика саласында 68 жоба жүзеге асырылады

Қазақстанда 2029 жылға дейін энергетика саласында 68 жоба жүзеге асырылады

Қазақстанда биыл қуат көзі 621 МВт-қа артады. Ал келер жылы тағы 2,6 ГВт электр энергиясын жаңадан іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Павлодар облысында Үкімет басшысының төрағалығымен өткен энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте айтылды. Жалпы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін өтеу үшін елімізде 2029 жылға дейін 68 жоба жүзеге асырылады. 2035 жылға дейін жалпы қуаты 4,2 ГВт қолданыстағы стансаларды жаңғырту көзделген. Айта кетейік, бүгінде ел аумағында 227 электр стансасы жұмыс істейді. Қазір цифрландыру шеңберінде мемлекеттік энергетикалық тізілім қуат үнемдеу саласындағы Бірыңғай ақпараттық жүйеге трансформациялануда.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Қажетті мөлшерде электр энергиясы өндірілмейтін болса ешқандай цифрлық технологиялар дамымайды. Сондықтан елімізде қуат көздерін арттыруға басымдық берілуі керек. Президент Қазақстан өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, артылғанын экспорттайтын елге айналуы тиіс деп айтқан болатын. Біздің алдымызда осындай мақсат тұр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?