«Қазпошта» Алматыда ауданы шамамен 40 мың шаршы метр болатын жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс, әрі Қытайдан ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттырады. Жалпы, компания өткен жылдың қорытындысы бойынша жетістікке жеткен. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32 миллиард теңгеден астамды құрады. Былтыр сәлемдемелердің саны 35%- ға көбейіп, оларды ел аумағында жеткізу жылдамдағы екі есе артқан. Бұл туралы Президентке басқарма төрағасы Әсел Жанасова баяндады.