Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласында Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласында Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр

Қазақстан өңірлік авиацияны трансформациялауда көшбасшы орынға ие болды. Мұны Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано Казинформ халықаралық ақпараттық агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Оның айтуынша, біздің еліміз авиациялық қауіпсіздік саласында ICAO стандарттарының жоғары деңгейдегі сәйкестігіне қол жеткізді. Оған қоса, республика саланы дамытуда айтарлықтай ілгеріледі. Бұған, сөзсіз, саладағы ауқымды реформа ықпал етті. Сондай-ақ, спикер Қазақстан өңірлік деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де негізгі көлік хабы ретінде танылуы мүмкін екенін атап өтті. Ол үшін Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасында географиялық тиімді орналасуын қоса алғанда барлық алғышарттар бар. Бұл әуе қатынасын кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұдан басқа, қазақстандық авиатасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру үшін Қазақстан «ашық аспан» деп аталатын саясатты іске асыруда. Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушы да әлемдік стандарттарға сәйкес тұрақты өсу мен сенімді дамуды көрсетіп отыр. 

Сальваторе Шаккитано, ICAO Президенті:

- Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы даму жолы бүгінде бүкіл өңір үшін үлгі екенін ерекше атап өткім келеді. Бұған дейін өңір Еуропаның жетілген авиациялық нарығы мен тез дамып келе жатқан Азия-Тынық мұхиты өңірі арасында екінші дәрежелі рөл атқарып келді. Алайда жағдай өзгеруде: жолаушылар ағыны қалыптасқан нарықтан дамушы елдерге ауысуда. Бүгінде әлем халқының 20%-ға жуығы ғана саяхатқа шыға алады, бұл шектеулі мүмкіндіктер мен авиабилеттердің бағасына байланысты. Болашақта трафик Орталық Азия сияқты дамушы өңірлерге көбірек ауысатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?