В. Путин: Ресей Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

В. Путин: Ресей Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр. Онда әлемдік көшбасшылар мен топ-менеджерлер және халықаралық БАҚ өкілдері бас қосты. Ресей Президенті масс медиа өкілдерімен кездесті. Қазақстан Президенті телерадиокешені директорының орынбасары Асқар Жалдинов Владимир Путинге екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту әлеуетіне қатысты сұрақ қойды. Ресей басшысы энергетика - екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыты екенін атап өтті. Ол Ресей Қазақстанмен газ саласындағы әріптестік аясын кеңейтіп, үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуға ниетті екенін жеткізді.


Владимир Путин, РФ Президенті:

- «Бізде Қазақстанмен ерекше байланыс орнаған. Бізді одақтастық қарым-қатынас байланыстыратынын бәрі жақсы біледі. Біздің тарихымыз, кезінде біртұтас мемлекеттің құрамында болуымыз, адамдар арасындағы тұлғааралық, гуманитарлық деңгейдегі байланыстарымыз орасан зор мәнге ие. Қазақстан біздің қорғаныс құрылымымыз - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының да, экономикалық бірлестіктің де белсенді мүшесі. Біз Қазақстанмен Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да ұйымдар аясында қарым-қатынасымызды нығайтамыз». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?