Қазақстанда 5 трансшекаралық хаб іске асырылуда

Қазақстанда 5 трансшекаралық хаб іске асырылуда

Қазақстанда 5 трансшекаралық хабтың құрылысы жүргізілуде. Үкіметте олар 2026 жылы іске қосылатыны мәлімделді. Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында қазір 8 өндірістік ғимараттың іргесі қалануда. Сондай-ақ, Қырғызстанмен шекарадағы «Алатау» индустриялық-сауда-логистикалық кешені салынуда. Онда қолға алынатын 10 жобаның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының үлесі басым. Инвестициялық жобаның құны 200 млн доллар. Бұған қоса Каспий торабының Ақтау портында жүзеге асып жатқан контейнерлік хабтың өткізу қабілетін 70-тен 240 мың контейнерге жеткізу көзделген. Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының қуаттылығы да 10 млн тоннаға дейін артады. Ал, Ресеймен іргедегі «Еуразия» сауда орталығында құрылған индустриялық аймақта асфальт бетоны зауытының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасының бөлігі Қорғас торабында жалпы құны 258 млрд теңгенің 45 жобасы іске асырылуда. Бұдан бөлек Ұйғыр ауданында Халықаралық цифрлық көлік-логистикалық хаб пен «Көлжат» агроөндірістік аймақ құру жоспарланған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?