Шымкенттің өнеркәсіп
аумақтары жаңғырып, тұрғын үй құрылысы қарқын алады, тәуекелді экологиялық
аймақтар жойылып, тұрғындардың тіршілік ету ортасының жайлылығы жақсартылады.
Шырайлы шаһардың осы және өзгеде тың
өзгерістері 2035 жылға дейін көзделуде. Үкіметте мегаполистің бас даму жоспары
бекітілді. Құжатқа сәйкес қалада айналма темір жол тармағы және өткізу қабілеті
тәулігіне 20 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы болатын вокзал пайда болады. Бұл
өз кезегінде өнімділіктің артуына,
отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын жақсартуға серпін бермек.
Сондай-ақ Next Generation Network технологиясын қолдану арқылы
телекоммуникациялық желілерді кеңейту және жаңғырту мәселелері жеке қаралмақ.
Динара Алимова, ҚР Премьер-Министрінің
баспасөз хатшысы:
-Үкімет Шымкент
қаласының 2025-ші жылға дейінгі бас даму жоспарын бекітті. Премьер-Министр
Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бас жоспарда өнеркәсіп аумақтарын
жаңғыртуға ерекше назар аударылған. Жаңа индустриялық аймақтарды салу есебінен
олардың аумағын 5 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар 1
млн астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бадам,
Қошқарата, Қарасу және Сайрамсу өзендерінің су қорғау белдеулері мен
аймақтарының жобалары әзірленеді.