Қазақстанда ұлттық статистика жүргізуді реформалау шаралары жүргізілуде

Қазақстанда ұлттық статистика жүргізуді реформалау шаралары жүргізілуде

Қазақстанда мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту шаралары жүйелі жүргізілуде. Тиісті ведомства басшысы Жандос Шаймарданов Мемлекет басшысына атқарылып жатқан жұмыстар және әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды. Агенттік төрағасының айтуынша, биыл жыл соңына дейін тоғыз мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізу жоспарланып отыр.

Жандос Шаймарданов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:

- Жуырда Парламент депутаттарының қолдауымен заңнамаға өзгеріс енгізіліп, бюроға әкімшілік деректердің сапасын бағалау бойынша өкілеттіліктер берілді. Бұл институционалдық өзгерістер сапа стандарттары мен деректерді басқарудың халықаралық әдіснамасын басқа мемлекеттік органдарға таратуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін агенттік статистикалық жұмыстардың 3 жылдық жоспарына көшеді. Оның шеңберінде ақпараттың жаңа көздері айқындалатын болады. Басталған реформалар статисткалық есептілікті екі есеге дейін қысқартып, деректер базасы мен ресми статистикаға сенімді арттырады деп ойлаймын.