Қазақстанда әскерге шақырылушылар жасанды интеллект көмегімен әскери
бөлімдерге іріктелетін болады. Жаңа цифрлық
платформаны еліміздің қорғаныс министрлігі әзірлеуде. Ол кандидаттардың дербес
деректерін талдау негізінде жеке іріктеуді қамтамасыз ете отырып, дәстүрлі
әскерге шақыру тәсілін алмастыруы тиіс. Болашақ
сарбаздың туған жері, білімі, бойы, салмағы мен отбасы жағдайы және
басқа да сипаттамалары ескерілетін болады. Жүйе жеке
деректерді негізге ала отырып, оны нақты қандай әскер түріне жіберу керектігін
анықтап, іріктеуге көмектеседі. Жаңа алгоритмді енгізу биыл жыл соңына дейін
жоспарланған
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Біз қазірдің өзінде кімнің шақыруға жататынын, кімнің
шақырылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін электрондық жүйемен жұмыс істеп
жатырмыз. Әскерге шақырылмайтын санаттағы азаматтар, ол студенттер мен
мүмкіндігі шектеулі жандар. Біз оларды басқа тізімге енгіземіз. Онымен қоса,
студенттерге әскери комиссариаттарға бармауына болатындығы туралы
SMS-хабарламалар жібереміз. Жүйенің жұмысын әлі де тереңірек зерттей отыра, әскерге
шақырылушыларды неғұрлым нақты іріктейтін алгоритмді іске қосқымыз келеді.

