Қазақстанда 14
мың шақырым суару жүйесін жаңғырту жоспарланған. Елдің су ресурстары және
ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі.
2024-2030 жылдарға арналған құжатта саланы жетілдіру үшін бірқатар іс шара
қамтылған. Сонымен қатар, оның
аясында ел аумағында жаңадан 20 су
қоймасын салу және қолданыстағы 15 қайта қалпына келтіру көзделген. Осы және
өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын
ұлғайту және су шығынын азайтуға ниетті.