Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы жарияланды. Байқаудың шарттарын Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті. 2023-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік ынталандыру ғылым және ғылыми-техникалық бағыттағы жобаларға беріледі.
Өтінімдер Энергетика және машина жасау; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар, Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; экология сынды басым бағыттар бойынша беріледі. Бұл салада тың зерттеулер жасап жүрген кез-келген ғалым конкурсқа қатыса алады.